Мемлекеттік тіл – татулық тірегі » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №12» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №12"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7(7232) 76-71-14
Телефон бухгалтерия:
+7(7232) 76-74-23
Версия
для слабовидящих
24
январь
2019

Мемлекеттік тіл – татулық тірегі

Мемлекеттік тіл – татулық тірегі
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов.


Мемлекеттік тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында қалада,мектепте көптеген іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес.
Біздің мектеп оқушылары қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиадаларға, байқауларға қатысады. 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен қазақ тілінен олимпиадада 8 сынып оқушысы Барбанакова К. ІІ орын жеңіп алды,мұғалімі Деменова С.А. 3-4 сынып оқушыларының арасында өткен қазақ тілінен олимпиадада 4 сынып оқушысы Кагарманов Тимур ІІ орын жеңіп алды,мұғалімі Кизатаева А.Т. Қалалық Абай оқулары байқауына қатысып, Кулясова Арина ІІІ орынға ие болды. 7 «Б» сынып оқушысы Юркина Анастасия «Тіл шеруі» қалалық іс-шарасында 7 сыныптар арасында ІІ орын алды және ҚалББ-нің грамотасымен марапатталды.
№ 12 жалпы білім беретін мектеп Тілдер күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Мектептің дәліздері мен фойелері төрт тілде жазылған тіл туралы мақал-мәтелдер және ұлағатты сөздермен безендірілді. Әлем тілдері туралы қызықты фактілер оқушылардың қызығушылығын оятты. МӘК отырысында тілдерге арналған іс-шараларды өткізу жоспары бекітілді және тілдер бойынша жұмысты, білім сапасын жақсарту мәселелесі талқыланды. 7-11 сынып оқушылары қабырға газеттерін шығарса, төменгі сынып оқушылары «Тілдер мерекесі – менің мерекем» тақырыбында сурет байқауына белсене қатысты. Үздік суреттер мектептің уақытша көрмесіне қойылды. 3,4,5 сынып оқушыларымен 4 тілде викториналар өткізілді.

Кучубаева Н. М. , қазақ тілі мұғалімі