06
сентябрь
2024
"День языков"
5 қыркүйек - Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай 5 «А»-сынып оқушыларымен «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов»атты танымдық –ақпараттық сабақ өткізілді.Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Толыбаева Ү.М және Мукашева С.М өткізді.Танымдық-ақпараттық сабақтың мақсаты ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға ақпарат беру,үлгі болар еңбегі мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізу. Сабақ барысында оқушылар ұлы ұстаздың өмірі және еңбектерімен танысыты.Оқушылар сабақ барысында Ахмет Байтұрсынов туралы деректі фильмдер көріп,сұрақтарға жауап берді,сөзжұмбақ шешті,өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында белсенді оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/C_kfRctKMO5/
https://www.instagram.com/p/C_kfRctKMO5/