«Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты танымдық сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатыны 9-сынып оқушылары » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №12» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №12"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7(7232) 76-71-14
Телефон бухгалтерия:
+7(7232) 76-74-23
Версия
для слабовидящих
23
октябрь
2024

«Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты танымдық сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатыны 9-сынып оқушылары

📌25-қазан Республика күніне арналған
«Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты танымдық сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатыны 9-сынып оқушылары белсене қатысып,өз білімдерімен сайысқа түсті. Оқушылар танымдық сынып сағаты кезінде Қазақстан еліне шолу жасап, тарихымызбен, салт-дәстүрлерімізбен танысып,өз білімдерін ортаға салды. Оқушыларымыздан елімізге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін білдіретін өлеңдер оқып,сайыстарға белсене қатысты.
Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз. Отанымыздың әрбір жетістігі – біздің ортақ жетістігіміз.
Бүгінгі тәрбие сағаты – Қазақстан Республикасының күніне арналған, тәуелсіздігімізді, ұлттық бірлігімізді атап өтетін ерекше сәт. Біздің әрқайсымыз тәуелсіз еліміздің патриоты болуға, оның дамуына үлес қосуға, Қазақстанымызды әлемнің жарқын мемлекеті етуге міндеттіміз.
Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде Сәуле Мейргалиевна оқушылармен тақырып төңірегінде пікір-талас өткізді. Оқушылар бар білімдерін ортаға салып, белсене қатысты.
Келесі бөлімінде Альмира Токановна екі топпен сайыс өткізді.
1. «Бәйге» сайысында тақырып бойынша викториналық сұрақтар қойылды.
2. « Суретке қарап сипатта» ҚР рәміздерін сипаттады, авторларын айтты, ондағы берілген суреттер нені білдіретінін айтты.
3. Ойын «Қыз қуу» мақал-мәтелдерін сайысы. Мақалдың жалғасын табу.
4. «Тарихи тұлғаларды танып-білу» экрандағы тұлғаларды топта талдау. Спикер сол тұлға туралы айтады, басқалары толықтырады.
5. Мозайка құрастыру. 1 топ Түркістан, 2 топ Алтын адам бейнесін құрастырады, сол жайлы тарихтан өткен білімдірін айтады.
Сайыс соңында «Қыран» тобы жеңіске жетті.

https://www.instagram.com/p/DBd3SwcMr1C/​​​