арасында «Менің –Отаным - Қазақстан» » Өскемен қаласы әкімдігінің «мектеп-гимназия №12» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Өскемен қаласы әкімдігінің
"мектеп-гимназия №12"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі телефоны:
+7(7232) 76-71-14
Есепші телефоны:
+7(7232) 76-74-23
Нашар
көрушілер нұсқасы
23
Қазан
2024

арасында «Менің –Отаным - Қазақстан»

📌23-қазан-Республика күніне 7 А ,7Б, 7В, 7Г сыныптар арасында «Менің –Отаным - Қазақстан» тақырыбында сайыс өткізілді. Әр сыныптан сайысқа қатысатын оқушылар таңдалынды. Сайыстың шарты бойынша , әр топта 7 оқушы болуы шарт. Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар берілді.
Бұл сайысты өткізудегі мақсат: Еліміздің құндылықтарын бала бойына сіңіру, Ұлы тұлғаларды мақтан тұту, тапқырлыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, сөз саптауға баулу. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сайыс 7 кезең бойынша өткізілді. Топтық жарыста – 7А- « Қыран»,
7Б- « Бойтұмар», 7В – «Барыс» , 7Г –«Тұлпар» топтары сайысқа түсті.
Бірін ші кезеңде- қатысушылар алдын- ала дайындалған газеттерін қорғаса,
Екінші кезеңде – әр топ «Бәйге» сұрақтарына жауап берді.
Үшінші кезеңде «Бұл кім ? Ол не?» ойын түрі бойынша , суреттегі адамды, заттардың атауларын атады.
Төртінші кезеңде- «Қазақстан» сөзжұмбағын топпен шешсе,
Бесінші кезеңде – «Қазақстан» тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқыды.
Алтыншы кезеңде - «Мен еліммен мақтанамын » өз ойларын ортаға салды.
Жетінші кезеңде- сайысқа қатысушылардың киім үлгісі есептелінді.
алды. Қорытындысын әділ- қазы- жоғары сынып оқушылары бағалап, Сайыс соңында, жеңіске жеткен топтар марапатталып, тәтті сыйлықтар
табысталды.
Пән мұғалімі: Шөкеева А.М.
2024-2025 оқу жылы.