"Жалпы білім беретін №12 мектеп" КММ-де Наурыз мейрамын атап өту. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №12» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №12"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7(7232) 76-71-14
Телефон бухгалтерия:
+7(7232) 76-74-23
Версия
для слабовидящих
20
март
2019

"Жалпы білім беретін №12 мектеп" КММ-де Наурыз мейрамын атап өту.

Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке - Наурыз. Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін қазақ - жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеген.Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамын тойлау біздің мектепте биылғы жылы ерекше аталып өтті. Наурызды мерекелеудің мазмұны да, ауқымы да жаңаша көзқарас қалыптастырып, үлкен шараға айналды.
Мектептің іші Наурыз мейрамына байланысты түрлі сипатта безендіріліп,әдемі көрініске ие болды.Ұлттық ою-өрнектер,түрлі сипаттағы қабырға газеттері мектептің ішін құлпыртып, ерекше шаттық пен қуаныш сыйлады. Ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, барша қауымды татулыққа, достыққа, бірлікке шақыратын Наурыз мейрамына байланысты «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Жыл басы- Наурыз», «Наурыз мейрамы» атты дәстүрлі сынып сағаттары өтті.Мектеп кітапханашылары ұйымдастырған кітаптар көрмесі оқушылардың қазақтың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен тереңірек танысуына мүмкіндік берді.Наурыз мейрамына байланысты өтетін жәрмеңке биылғы жылы жаңаша бағытта ұйымдастырылды.Таңертең мектеп оқушылары мен ата-аналарға,қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Шашу» дәстүрімен қарсы алды.Мектеп асханасы бауырсақтар дайындап,қонақтарға таратты. Оқушылардың көмегімен дайындалған арнайы концерттік бағдарлама Наурыз мейрамын тойлаудың бастауы болды.Наурыз мейрамының тойлануына байланысты ұйымдастырылған жәрмеңке ерекше сипат берді. Жәрмеңке ұйымдастыру әр бекеттерге бөлініп,оқушылардың Наурыз мейрамын терең танып білуіне жол ашты. «Қазақтың дастарханы» бектінде қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарымен танысып,басты тағам наурызкөжеден дәм татты.Келесі бекетте 6"В", 8"В" ," Г" сыныптары ұйымдастырған киіз үйдің ішкі көрінісі ерекше сипат алды. Киіз үйдін ішіне оюлармен безендірілген сырмақ, алаша, текеметтер, сандық,аңдардың терілері,ыдыс аяқтар сән берді.Киіз үйдің ішкі көріністері арқылы қонақтар қазақ халқының әдет- ғұрпымен тереңірек танысты.8"А" сыныбы ұйымдастырған "Ұлттық ою-өрнектер" бекетінде қонақтарға ою-өрнектердің түрлері ұсынылып,олардың ерекшеліктері туралы айтылды ,ал 8 "Б" сынып оқушылары ұлттық киімдермен таныстырды.7"Б" және 7"В"сынып оқушылары Наурыз мейрамына байланысты түрлі сұрақтар дайындап,салт-дәстүрге байланысты сайыстар өткізді. Жеңмпаздар сыйлықтар алды. «Салт-дәстүрлер» бектінде 7"А" сынып оқушылары қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырып, «Тұсау кесу»дәстүрін көрсеті."Ұлттық ойындар" бекетінде ұлттық ойындар ойналып, оқушылар ерекше көңіл күйде болды.Наурыз мейрамын тойлау биылғы жылы шаттық пен қуаныш сыйлайтын, ізгіліктің нұры төгілген мейрам болды. Наурыз мейрамының кең ауқымда тойлануына оқушылар, мектеп ұжымы, ата-аналар өз үлестерін қосып,жоғары дәрежеде өтуіне себепкер болды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Мукашева Сауле Мейргалиевна


В этом году празник Наурыз праздновали в школе по особому. Кроме традиционных классных часов «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Жыл басы- Наурыз», «Наурыз мейрамы» , были выпущены красочные стенгазеты, которые украсили одну из рекреаций школы. Книжная выставка,организованная библиотекарем школы позволила учащимся поближе познакомиться с национальной кухней ,традициями и обычаями казахского народа. Был объявлен и проведен конкурс на лучшее оформление кабинетов и корридоров. Национальные узоры, орнаменты, тематический банер,весенняя тематика оформления рекреаций внесла торжественность и красочность в празднование Наурыза. По новому была организована и проведена школьная ярмарка, посвященная Наурызу. Ранним утром каждого гостя встречали обрядом «Шашу» и угощали горячими баурсаками, любовно приготовленными работниками школьной столовой. Праздничный концерт дал старт школьной ярмарке. Ярмарка проходила по станциям, которые были празднично украшены и учащиеся узнавали на каждой из них что-то новое. Так, например, на станции «Қазақтың дастарханы» посетителей угощали наурыз-көже, на дастархане стояла национальная еда: баурсаки большие и маленькие, құрт,жент,тары,талқан,қазы,қарта. Ученики и гости знакомились с внутренним убранством юрты: увидели , как выглядят сырмак, текемет, алаша. Стены юрты были украшены как в давние времена шкурами лисицы, на стене висели также снаряжения для лошади.На станции «Национальные орнаменты» учащиеся 8 «А»рассказали о различных видах орнаментов, что они означают, а 8 «Б» представили . как выглядит национальная одежда. На станции «Викторина», подготовленную учащимися 7 «Б» и 7 «В»учащиеся проявили свои знания о празднике «Наурыз» и национальных обрядах. На станции «Ұлттық кафе» желающие могли вкусно покушать и купить для праздничного стола различные сладости, такие как чак-чак, баурсаки,құрт,самса , отведать наурыз-көже и многое другое. На станции «Салт-дәстүрлері» учащиеся 7 « А» класса показали обряд «Тұсау кесу». Станция «Ұлттық ойындар» была наполнена азартом и детским смехом. На одной из площадок был показан флэшмоб «Қара жорға». Каждый класс внес свою лепту. Одни предлагали свои поделки, другие приглашали на веселую дискотеку. В подготовке и проведении праздника Наурыз активное участие приняли учащиеся школы, педколлектив, а также родители. Словом, праздник удался на славу!

Мукашева С.М., учитель казахского языка и литературы







[/center]