Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №12» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования Восточно-Казахстанской области
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №12"
отдела образования по городу Усть-Каменогорску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Телефон приемного:
+7(7232) 76-71-14
Телефон бухгалтерия:
+7(7232) 76-74-23
Версия
для слабовидящих
04
март
2021

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

Қазақ поэзиясының дүлділі, жырау, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған « Жыр алыбы Жамбыл» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. «Жыр алыбы Жамбыл» атты сынып сағатында 5 "В" сынып оқушылары Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармаларымен танысып, ой бөлісті. Оқушылар Жамбыл атамыздың "Ленинградтық өренім атты өлеңің қазақ және орыс тілдерінде жатқа айтты. Өлеңнің шығу тарихымен танысты.
"Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деп жырлаған ұлы жырау халықтың ғасырлар бойғы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізді. Халық Жамбылға «адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұшан-теңіз шығармашылық мұрасы – халқының тарихы мен шынайы өмірінің айнасы.«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тірлігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз.Сол себепті де, Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді.

Мукашева С.М., қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі, 5 "В" сынып жетекшісі


Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл